Ақтөбе облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қос компания лицензиясынан айырылды. Тек барлау жұмысына рұқсат алғандар мемлекет қорғауындағы қорым маңының түгін қалдырмаған. Ақпан батыр жерленген жерді қопарып тастағанына ұрпақтары наразы болып отыр.