Бүгінде кесілген нанмен ешкімді таңғалдыра алмайсың, өйткені мұндай нанды қаладағы дүкеннің кез келгенінен табуға болады. Әрине, көлемі мен қалыңдығы бірдей, алып дастархан бетіне қоя салғанға ыңғайлы нан кімге ұнамайды? Дегенмен кесілген нан денсаулыққа қауіп төндірмей ме? Бұл сұраққа аллерголог-иммунолог Евгения Паршина жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.