Қазақтар ежелден адамға есім қойғанда ерекше мән беріп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен қалыптасқан әдет-ғұрыпты ұстанған. Мысалы, ағайынды бауырлардың есімдерін өзара ұқсатып қоятындар бар, танымал адамға ұқсасын деп ырымдайтындар немесе дін бойынша пайғамбарлардың атын таңдайтындар да кездеседі. Өйткені ата-бабаларымыз адамның есімі оның өміріне әсер етеді деп сенген. Бұл қаншалық дұрыс? Балаға қойылатын есімді ырым, саяси жағдай мен сыртқы ерекшеліктермен байланыстыруға бола ма? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Massaget.kz тілшісі дінтанушы, мәдениеттанушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы Елнар Берікбаевпен сұхбаттасты.