Жамбыл облысында "Қазпошта" ғимаратының шатыры басып қалған әйел төрт айдан бері төсек тартып жатыр. Дүлей дауыл кезінде жарақат алған науқастың өкпесі жыртылып, қабырғалары мен омыртқасына зақым келген. Оны аяққа тұрғызуға отандық медицина дәрменсіз.