25 қазан - Республика күні. Бұл - еліміздің ең бассты мейрамы. Бұдан 33 жыл бұрын дәл осы күні Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Еліміз көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. 2009 жылы заңға өзгерістер енгізілді. 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгергендіктен, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тасталған еді. Алайда былтыр 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта бекіту туралы заңға қол қойды. Massaget.kz тілшісі биыл Республика күнін тойлауға мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін анықтап көрді.