Кейде жер немесе салық тақырыбы бойынша туындаған сұрақтың жауабын алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) секілді мемлекеттік органға барғанда мәселе туындайды. Мұндай кезде жеке тұлғаның құқығы тапталуы да мүмкін. Өйткені барлық азамат өз құқығы мен міндетін біле бермейді. Осыған байланысты сот Динара Құйқабаева мемлекеттік орган өзі міндетін орындаудан бас тартса, не істеуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.