Осы жылдың қыркүйек айында Үштөбе қаласының маңындағы тас жолда полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адам басқарған BMW X5 көлігін тоқтатты. Көлік салонынан заңсыз ауланған балық табылды. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының "Қызыл кітабына" енгізілген болып шықты.