Жетісу облысындағы Достық ауылының 300-ден аса тұрғыны өз үйінде өгейдің күнін кешіп келеді. Себебі бірнеше жылдан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы берген баспанасын жекешелендіре алмай жүр. Ал жекеменшікке өткізіп алғандарының өзі "үйіміз "аресте" тұр" дейді.