Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай: «Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 921», – деп жазылған Ақорданың сайтында. […]