Қазақстан Тәуелсіздігі күні елордада ерекше тойланбақ! Астана тұрғындары мен қонақтары көптің көзайымына айналған "Мәңгілік ел дауысы" ұлттық караоке-шоуын биыл да тамашалай алады. Шара мереке күні, яғни 16 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Жоба ұйымдастырушылары - "Pantograph" ЖШС мен Астана қаласының әкімдігі, шараға Alash Media Group медиахолдингі мен RTS DECAUX компаниясы ақпараттық қолдау көрсетеді.