Бүгінде қоғамда жиі кездесетін жантүршігерлік мәселенің бірі ер адамдардың көпшілік орында жыныс мүшесін жұрт көзінше шығарып отыруы болып отыр. Бұл тақырыпты қоғам белсендісі, Nemolchi қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желілерде бірнеше рет көтерген болатын. Massaget.kz тілшісі психолог-сексолог, заңгер секілді мамандармен сөйлесіп, жұрт көзінше жыныс мүшесін көрсетудің түпкі себебін және заңды тұрғыда бұған қарсы қандай шаралар қолданылатынын сұрады