Биылғы көктемді Целиноград ауданына қарасты Рақымжан Қошқарбаев ауылындағы ағайынды қатты үреймен күтіп отыр. Омбы қардың құшағында қалған ауыл елдің іргесіндегі бейітті көктемде тұтастай су шайып ата-бабаларының сүйегі Нұра өзеніне ағып кете ме деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.