Тараз қаласының тұрғыны Анар Бексұлтанова екі қолсыз өмірге келген. Әйел 35 жасында аяғымен тігін тігуді үйреніп, жеке кәсібін ашып, үйінде тігін шеберханасын ашты. Алғашында көрші-қолаң, ағайын-туыстардан ғана тапсырыс келсе, қазір жылына 100 тапсырыс алады