Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы мектеп оқушысы 53 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағымданған. Қыздың айтуынша, мұғалім қызды жұмыс кабинетіне кіргізіп тиіскен. Алайда полицияға берген арыздан кейін ер адам ұсталған жоқ, оның орнына тергеушілер қыздан түнгі үшке дейін жауап алған