Биыл Қазақстаннан қажылық етуге барлығы 4 мың адам барды. Алайда кейбір адамдар исламдағы бес парызының бірін орындау үшін қажылыққа заңсыз жолмен не визасыз баруға тырысады. Бұл қаншалық дұрыс? Бұған қатысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.