Қазақ халқы ертеден ит жүгіртіп, құс салған. Бұл - қазақтың қанына біткен қасиеті. Бүгінде халқымыздың рухани құндылықтарын дамыту ісі жан-жақты қолға алынып келе жатыр. Оған жастар тарапынан қызығушылық, ал мемлекет тарапынан қолдау бар. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тумасы да тазы өсірудің өзіндік әдісін меңгеріп, ата-баба мұрасын жалғап отыр. Мансұр Қанатбекұлы кейінгі жылдары ит жүгірту бойынша өткізілген жарыстарда топ жарған. Ол ең жүйрік тазыны өсіріп отыр. Massaget.kz тілшісі жиырма жастағы жігітпен сұхбаттасып, қызығушылығы қайдан туындағанын сұрады