Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 15 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 67 пайызы қазақ тілінде, 32,9 пайызы орыс тілінде, 13 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Ұлттық тестілеу орталығы қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы бойынша аралық қорытындыны жариялады.