Шымкенттегі Қаңтар оқиғасында баласы опат болған тұрғындар талап-тілектерімен қала әкімдігіне барды. 15 шақты ата-ана қала басшысы Мұрат Әйтеновтің өзімен жүздесуге жиналған. Қолдарына марқұм перзенттерінің суретін құшақтаған азаматтар әкімнен баспана мен бір реттік төлем талап етті. "Түркістан сарайындағы" Мұрат Әйтеновтің қабылдауына келген оларды әуелі орынбасары, прокурор орынбасары және полиция департаментінің басшысы қабылдады.