Қарағандыда мас күйінде әйелін пышақтап өлтірген 51 жастағы азамат сот шешімімен тергеу абақтысына қамалды. Гүлмира Таймасованың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қанды қырғынды көзімен көрген кәмелетке толмаған екі бала нағашыларының қолында. Марқұмның туыстары полицейлер де жазаға тартылсын деп талап етіп отыр.