12 қаңтарда Астананың екі тұрғыны Аршалы ауданында орналасқан Кенетай көліне жеңіл автокөлікпен балық аулауға барған. Діттеген орынға жетіп, көлікті жағадан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта қалдырып, ер адамдар балық аулауға кірісіп кеткен. Алайда, өкінішке қарай, келесі күні ауа райы бұзылып, боран болып, айналаның көрінбей қалған.