Қарағанды тұрғындары элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер алып, бастары дауға қалды. Тәттімбет көшесіндегі жаңа ғимараттың тұрғындары амалсыздан дабыл қағуға мәжбүр. Тоғыз қабатты үйдің кепілдігі төрт айдан кейін аяқталады. Оған қарамастан, түрлі сылтаулар айтылып, құрылыстың кем-кетік тұстары жойылмай отыр