Қазақта ұл тәрбиесіне әке жауап береді. Сол үшін ұлына ең әуелі өзі істей алатын істі үйрете бастайды. Ежелден халқымызда ұлға өжет, алғыр, сергек, зерек, сұңғыла, ақылды болуы керек, қолынан іс келуі керек деп талап қояды. Жігіт бес түлік малдың қыр-сырына қанық, күтімін білетін, аңшылық, егіншілікті де меңгерген болуы керек дейді. Бастысы күйеу болып, қайын жұртына барғанда ет турай алмай, мал соя алмаса үлкен "сөгіс" алған.