Күні кеше министрлік өз ресми сайтында қаңтар-сәуір айларының есебін салды. Ұсынылған құжатты саралаған экономист Ғалымжан Айтқазин ведомство тартқан мемлекеттік борыштың нақты көлемі 2,47 трлн теңгені құрайды дейді. Салыстырмалы түрде бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 65% - ға артық екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.