Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар мен қараша аралығында 65,4 миллион литр жеміс-көкөніс шырындары өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға артық. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, өңірлер арасында Алматы облысына (27,9 миллион литр), одан кейін Алматы (4,7 миллион литр) және Түркістан облысына (1,3 миллион литр) өндірістің айтарлықтай көлемі тиесілі