12 сәуірде өткен Мәжілістің кезекті отырысында депутат Асхат Рақымжанов еліміздегі көлік индустриясы туралы сөз қозғап, сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, қазір жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріледі, оның 10 мыңға жуығы экспортталса, 30 мыңнан аса көлік сырттан әкелінеді.