15 маусымда өткен Сенаттың жалпы отырысында депутат Серік Өтешов халықтың өмір сүру сапасына байланысты депутаттық сауал жолдады. Серік Балғатайұлы мәлімдемесінде "халықтың нақты ақшалай кіріс индексі жыл өткен сайын төмендеп жатыр және өзін-өзі кедей бағалау деңгейі анағұрлым өскен" деді. Factcheck.kz басылымы бұл мәлімдеменің рас-өтірігін тексерді