Биыл жыл басында қазақстандықтар пәкістандық шайлардың сапасына шағымданған еді. Кейін олар сараптамаға жіберіліп, құрамынан тыйым салынған бояуыш табылғаны белгілі болды. Алайда бұл шайлар әлі сатылып жатыр. Massaget.kz тілшісі бұл мәселенің мән-жайын анықтап көрді.