Шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі интернеттің бағасы мен сапасы туралы бірнеше мәлімдеме жасады. Оның бәрі қазақстандықтардың интернет жылдамдығы туралы шағымына қатысты болды. Алғашында шенеунік бәріне радиофобтар мен тым арзан тарифтерді кінәлады. Кейін қазақстандықтарға Еуропа мен АҚШ-ты мысалға келтіріп, интернетті үнемдеуге шақырды, сонымен қатар, Астана Speedtest (интернет жылдамдығы) рейтиңінде Токионы басып озды деді. Мусиннің мәлімдемесімен қатар Қазақстандағы мобильді операторлар қызмет ақысын көтеретіні туралы хабарламалар пайда болды. Бұған қатысты Factcheck.kz редакциясы "Қазақстандағы интернет расымен өте арзан және қолжетімді ме?" деген сұраққа жауап іздеп көрді
Жаңалықтар





































