Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, алқабилер сотының классикалық моделін және amicus curiae институтын енгізу мүмкіндігі туралы ұсыныс мақұлданды.