Кейінгі бірнеше айда әлеуметтік желіде Алматы тұрғынының бүйрегін сатқаны туралы ролик тарап жатыр. Онда ер адамның банк алдындағы ипотекалық қарызын жабу үшін осындай амалға барғаны айтылады. Интернет арқылы бүйрегін сатпақ болып қамауға алынған Орал тұрғыны мен Ақтөбе тумасының оқиғаларынан соң видео тіптен кең танымал болып кетті. Азаматтар бір әрекет үшін біреулердің жазаланып, басқалардың жазасыз қалуына ашулы. "Фейкке ұқсайды, әлде біреулерге сатуға болады да, басқаларға болмай ма?" — деп жазыпты танымал паблик әкімшісі. Factcheck.kz редакциясы "Қазақстандықтар заңды бұзбай ағзасын сата ала ма?" деген сұраққа жауап іздеп көрді