Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Терск жылқы зауытының ғасырдан аса тарихы бар. Таза қанды, асыл тұқымды араб жылқыларын өсіретін шаруашылық әлемге әйгілі. Бәйгеге түсетін сәйгүліктер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кете жаздаған. Қауіп төнген кезде киелі сәйгүліктерді қазақтар сақтап қалғанын біреу білсе біреу білмейді