Ежелден қазақтың ұлттық тағамдары құнарлы, пайдалы, әл береді деген пікір қалыптасқан. Алайда бүгінде халық арасында бұл тағамдар майлы, ұннан дайындалатын болғандықтан, адам ағзасына зиян деген әңгіме бар. Бұл рас па? Ұлттық асты күнделікті рационға қосуға бола ма? Бұл сұрақтардың жауабын Massaget.kz тілшісі диетолог Салтанат Болатбекқызынан сұрады.