Қазақстанда 19 наурызда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, депутаттар тіркеліп, қорытынды шыққаннан кейін үкімет отставкаға кетеді. 20 наурызда премьер-министр Әлихан Смайлов қызметінен кетуге дайын екенін мәлім етті. Massaget.kz тілшісі бұл туралы саясаттанушы, "Қауіп-қатерді бағалау тобының" директоры Досым Сәтпаевпен және саясаттанушы, қоғам қайраткері Әділ Сайлаубекпен сұхбаттасып, болжам жасап көрді.