"Келіншай" беремін деп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Алматы облысы Гүлдала ауылындағы газ жарылысынан жапа шеккен төрт адамның екеуінің халі ауыр. Олар күні кеше отау құрған жас жұбайлар екен. Дәрігерлер екеуінің де денесін 95 пайыз күйік шалған деп отыр.