Бүгінгі таңда Астанадағы реставрация орталығында 4 маман жұмыс істейді. Олар 2018 жылдан бері 200-ге жуық көне кітапті қалпына келтірген. Арасында Қазақ хандығы мен Алтын Орда заманынан қалған құнды еңбектер бар. Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков кітап емдеушілердің жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.