Әлеуметтік желіде жүкті әйел кесарь тілігі арқылы босанса, үкімет арнайы әлеуметтік төлем жасайды деген ақпарат тарап жатыр. Ал заңгер заңда нақты мұндай ұғымның жоқ екенін айтты. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі жүктілік және босану кезеңінде мемлекеттен қаржылық қолдауды алу тәртібін зерттеп көрді.