Қобыз аспабына ғашық венгер қызы Түркістан қаласында білім алып жатыр. 21 жастағы Богларка Фехердің қазақ тілі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі 2014 жылдан бастап арта бастаған. Ол тіпті дәстүрлі музыканы меңгеру үшін қазақ тілі мен мәдениетін тануды қолға алған.