"Бір шелек көмір салайын, үй суып бара жатыр", "Қысқа алған көміріміз соңына дейін жетсе жақсы болар еді"... Үйін көмірмен жылытып, ала жаздай соның қамын ойлайтын отбасылар бұл уайымды жақсы түсінетін шығар. Бірақ бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде газ тартып, көмір мұқтаждығынан құтылған отбасылар саны артып жатыр.