Бүгінде түрлі мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бар, олар қарапайым халық үшін тиімді әрі жылдық пайызы аз. Алайда мұндай бағдарламаға барлығы бірдей қатыса алмайды. Талапқа сай келмейтін кейбір адамдар баспананы ипотекаға екінші дәрежелі банк арқылы ала алады. Бірақ оның артық төлемі мен талабы мемлекеттікке қарағанда көбірек және қиынырақ болуы мүмкін. Massaget.kz тілшісі екінші дәрежелі банк арқылы ипотекаға үй алған жанмен сұхбаттасып, егжей-тегжейін білді.