40 жылға жалғасқан Семей ядролық сынағы кезінде әскери борышын өтеп, атом бомбасын жару жұмыстарына қатысқан сол кездегі сарбаздар әлеуметтік мәртебе сұрайды. Павлодарда өткен атом сарбаздарының халықаралық I форумына қатысушылар Үкіметке бірқатар талап қойды