Мұсылмандар арасында қасиетті мереке қарсаңында мал сойып, құрбан шалады. Осындай маңызды күннің бірі - Құрбан айт. Бұл күн Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, үш күнге дейін созылады. Әдетте құрбандыққа шалынатын малға қой, ешкі, сиыр, түйе секілді ұсақ және кіші малдар таңдалады. Бұл орайда малда қандай да бір кінәрат болса, оны құрбандыққа шалуға болмайды. Халық арасында құрбан айтқа қатысты түрлі ырым-тыйым сақталған. Соның бірі - құрбандыққа шалынатын малдың жылы қанын ер баланың маңдайына жағу ырымы. Massaget.kz тілшісі бұл ырым не үшін қолданылғанын анықтау мақсатында ҚМДБ өкілі және этнографпен сұхбаттасты.