Сүйек сорпасы - нағыз дәрумендері, аминқышқылдары, коллагені бар табиғи өнім. Ал сүйектің өзі — табиғи коллаген көзі. Кәсіпкер Айгерім Нұқпаева бір жылдан бері "Сорпа line" атты сүйек сорпасын дайындайды. Оның бұл кәсіпті бастауына құрбысының ерекше диагнозбен ауырғаны әсер еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.