Қазір әлеуметтік желіден интернеттегі алаяқтықтың түр-түрін көруге болады. Интернет арқылы "жоқ" тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алудан бастап, банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңырау мен онлайн-қарыздарды ресімдеуге дейін. Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен. Massaget.kz тілшісі соңғы жартыжылдықта елімізде болған алаяқтықтың түрлеріне шолу жасады.