Кейде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, қызметкер жұмыстан шығуға шешім қабылдайды. Бірақ заңға сәйкес қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткісі келсе, бұл туралы жұмыс берушіге 1 ай бұрын ескертуі тиіс. Белгіленген айлық мерзімде жұмыс істемей-ақ ұйымнан шығуға бола ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.