Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғыны Б. есімді келіншек перинаталдық орталықта егіз баланы өмірге әкелген. Олардың бірі – ер бала, екіншісі – қыз бала. Алайда қыз бала қайтыс болған. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі егіз балалардың туу туралы акт жазбаларын жасау кезінде акт жазбаларын қате мәліметтермен толтырған.