Ақтөбе облысының аумағындағы қатты боранға байланысты кешеден бері республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы жабылған. Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Осыған орай Арал қаласынан 20 шақырым қашықтықта жол патрульдік полицияның 12 инспекторы 6 автокөлікпен жол бойында жұмыс жасауда.