Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сапалы әлеуметтік нысандардың санын көбейтіп, сала жетекшілеріне халыққа пайдалы ғимараттардың бой көтеруіне ықпал етуді міндеттеген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес бүгінде Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналып, салада айтарлықтай өсім көрсеткіші байқалуда. Сөзімізге дәлел келтірсек, биыл облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі - 124,9 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға артқан.