Ақмола облысы Степногор қаласының іргесіндегі Бестөбе кентіндегі алтын өндіруші "Алтын Алмас" компаниясы мен жергілікті тұрғындар арасындағы ұзаққа созылған дау әлі де болса шешімін таппай тұр. Тұрғындар өз талаптарының орындалмайынша Бестөбе кентіндегі "Рауан" мәдениет үйінен шықпайтынын мәлімдеді.