Әлеуметтік желіде олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің көпшілік алдына анасымен шыққан видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Коуч, психологтар "мамасының баласы" деп баға берді. Осы ретте Massaget.kz тілшісі психоанализ бағытындағы психолог Мейіргүл Бимағамбетовадан қазақ қоғамындағы ер адамдардың анасынан сеперациялануы және "мамасының баласы" деп аталатын жігіттердің белгілері туралы сұраған болатын.