Маңғыстау облысындағы 70-80 жастағы ақ жаулықты аналар "Ұмытпайық, ұлықтайық ұршықты" деп аталатын шара өткізіп, ұмытыла бастаған қолөнер - ұршық иіруді жастарға көрсетіп, қыр-сырын түсіндірді. Содан соң жас келіндер мен қыздар сынға түсіп, шеберліктерін шыңдады.